ҚХП атырау облыстық филиалы жылды қорытындылады

Қазақстан Халық партиясы Атырау облыстық филиалының кеңсесінде 2023 жылға арналған жұмыс қорытындысы бойынша есеп беру жиыны өтті. Офлайн және онлайн режимінде өткен шараға қалалық және аудандық мәслихаттардың ҚХП депутаттары, кеңес мүшелері мен партия белсенділері қатысты.

Облыстық филиал төрағасы Балжан Досмухамбетова шараға қатысушыларға өткен жылы атқарылған жұмыстарға тоқталды. Мәселен, облыстық филиал, ауданындағы өкілдіктері және депутаттық корпус 794 іс-шара өткізсе, оның 743-і үгіт-насихат шаралары болды. 13бастауыш партия ұйымы ашылды. Түрлі мекемелермен, ұйымдармен, кәсіпкерлермен және жеке тұлғалармен 15 меморандум жасалды. Мәселен Экологика қоғамдық қорымен жасалған меморандум аясында бірнеше әлеуметтік акциялар өткізілді.Оның ішінде Жайық өзенінің жағасын тазалау,қатты қалдықтарды сұрыптау, тазалық сағаты сынды жұмыстар жасалынды.Кәсіпкерлердің қолдауымен “Әлем балалардың көзімен” байқауы өткізіліп, 33 суретшіні алғыс хатпен сонымен қатар сыйлықтармен марапаттады.

Қалалық және аудандық мәслихат депутаттары халықпен 40 кездесу өткізіп, 10депутаттық сауал жолдаған. Партияның облыстық филиалы халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай «Ақыл-есі кем балаларға арналған интернатта» және қарттар үйіне барып балаларды сонымен қатар асыл қазыналарымызды қуантып қайтты.

Көптеген тақырыпта дөңгелек үстелдер өткізілді. Атап айтсақ республикалық бұқаралық ақпарат назарына ілінген ауқымды тақырыптар:

  • Суды үнемдеу, су қауіпсіздігі және оның тәуелсіздігі.
  • Каспийдің тартылуы және оны шешу жолдары.
  • Өзен түбін тереңдету жұмыстары.
  • Аймақтың экологиялық проблемалары және тағыда басқа тақырыптар қозғалды.

1

Қазақстан Республикасының ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі Тәуелсіздік күні мерекесіне орай ҚХП Атырау облыстық филиалында 2023 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ертісбаев Ермұхамет Қабиденұлынан, Атырау облысы әкімінің міндетін атқарушы Қ.Нұртаевтан және Атырау облыстық филиалының төрайымы Б.Досмұхамбетованың партия мүшелеріне берген алғыс хаттарымен марапаттау рәсімі өтті.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy