ҚХП қаза тапқан шахтерлердің отбасыларына көңіл айтады

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясы Костенко атындағы шахтадағы апат кезінде қаза тапқан шахтерлердің отбасыларына қатты қайғыра отырып, шын жүректен көңіл айтады.

Мұндай төтенше жағдайлар Арселор Миттал көмір шахталарында бірінші рет болып отырған жоқ.

Компанияның жұмыс істей бастағанынан бері осы кәсіпорындарда қаза тапқан шахтерлердің саны жүзден асты. Ауыр жағдайда, ескірген жабдықтармен, қауіпсіздік техникасын сақтамай жұмыс істеуге мәжбүр болған қазақстандықтар инвестор-олигархтың көл-көсір пайдаға кенелуі үшін өз өмірлерін қиюда. Бұл дұрыс емес және қисынсыз!

Бұл қайғылы оқиғаны Премьер-Министр Әлихан Смайылов басқарған Үкімет комиссиясы тексеретін болады.

Қазақстан Халық партиясы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметке Арселор Митттал Теміртау компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырған шешімін мақұлдайды. Бұл өлім конвейерін тоқтатып, кәсіпорынды мемлекет меншігіне қайтаратын кез келді!

Қостенко атындағы шахтада 27 қазаннан 28 қазанға қараған түні төтенше жағдай орын алды. Алдын ала мәліметтер бойынша, метан жарылысынан шахтада өрт шыққан. 21 адам қаза тапты, 18 адам зардап шекті, тағы 25 шахтердің тағдыры белгісіз болып отыр.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy