ҚХП депутаттар арасында ротация жүргізеді

dep.jpg Қазақстан Халық партиясы аймақтық өкілетті органдардағы өкілдерін алмастыру жұмысын бастады. 2023 жылғы Мәжіліс пен мәслихат сайлауының қорытындысы бойынша, партия төрағасы Ермұхамет Ертісбаев партиялық тізім бойынша сайланған депутаттар арасында жүйелі түрде ротациялау жүретінін айтқан болатын.

-Ел Тәуелсіздігінің 30 жылында бұл сайлау мағыналы және шынайы бәсекеге толы болды. Бұл - бүкіл халықтың жеңісі. Біз Әділетті жаңа Қазақстанды құрамыз – бұл өткен сайлау науқанының басты ұраны, -деген еді партия төрағасы.

Ротация шеңберінде ҚХП-нан сайланған Абай облыстық мәслихатының депутаты Айдын Егеубаев өз мандатын партиялық тізімдегі партияласы Мейірлі Кеңеспекке тапсырады.

Егеубаев А.К биыл наурыз айында өткен сайлаудың нәтижесінде Абай облыстық мәслихатының құрамына сайланды. Депуаттық қызметі аясында, тұрақты түрде қоғамдық қабылдау жүргізіп, тұрғындардың өтініштері бойынша көмек көрсетті. Семей қаласы мен Мақаншы ауданында жүріп жатқан жаңғырту жұмыстарына белсенді түрде атсалысты.

Айдын Егеубаев өз өкілеттілігін жергілікті кәсіпкер Мейірлі Кеңеспекке тапсырады. Мейірлі Мейрамбекұлы 2016 жылы Швейцариядағы бизнес мектебінде «Бизнесті басқару» мамандығы бойынша білім алып, қаржы институттарында жұмыс істеген. Қазір сауда кәсіпорны директорының орынбасары.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy