ҚХП депутаттары Қостанай облысына барды

Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының депутаттары сайлаушылармен кездесу үшін өңірлерге шықты. Жұмыс сапары аясында Мәжіліс депутаттарының бір тобы Қостанай облысына барды.

Маңызды шаралардың бірі парламентарийлердің облыстық мәслихат басшысы Сайлаубек Ещановпен және оның әріптестерімен кездесуі болды. Фракция басшысы Магеррам Магеррамовтың басшылығымен ҚХП делегациясы өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды, сондай-ақ сайлау заңнамасындағы соңғы өзгерістерді ескере отырып сайланған жергілікті өзін-өзі басқарудың жаңа жұмыс шарттарын талқылады.

3

Партиялықтардың облыстың салалық кәсіптік одақтары мен заң қоғамдастығы өкілдерімен кездесулерінде Заң шығару тақырыбы қызу талқыланды. ҚХП фракциясы кәсіподақтардың жұмысына, сондай-ақ адвокатура мен заң кеңесшілерінің қызметіне арналған заң жобаларына бастамашы болып, белсенді жұмыс жүргізуде. Мұндай кездесулер мәжілісмендердің халықпен кері байланысын қамтамасыз етіп, заңнамалық нормаларды жетілдіруге мүмкіндік береді. Магеррам Магеррамов заң жобаларының негізгі мақсаттары туралы егжей-тегжейлі айтып берді, содан кейін әріптес депутаттар Ислам Сұңқар және Кенжеғұл Сейтжанмен бірге жиналған көпшіліктің сұрақтарына жауап берді.

2

– Кездесулер заңгерлердің, кәсіподақ қайраткерлерінің және басқа да мүдделі тараптардың пікірлері мен ұсыныстарын тыңдау мақсатында ұйымдастырылды, - деп түйіндеді іс-шаралар қорытындысы бойынша ҚХП фракциясының басшысы. - Біз аталған заң жобаларымен жұмыс барысында тиімді әрі сындарлы ынтымақтастыққа үміттенеміз.

Сапар аясында мәжілісмендер көші-қон қызметінің қызметкерлерімен, Дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкерлерімен, жергілікті жастар ұйымдарының өкілдерімен кездесті.

1

Өңірлерге жасалатын осындай сапарлар - халық қалаулылары жұмысының ажырамас бөлігі. Олар өндірістерге, шахталарға, зауыттарға, ауруханаларға, инфрақұрылым нысандарына және т.б. барып, азаматтарды толғандыратын, бірақ жергілікті жерлерде шешілмейтін мәселелерді бүге-шүгесіне дейін зерттейді. Зерттеу нәтижесінде анықталған барлық проблемалар Үкімет пен әкімдер алдына қойылады. Депутаттар Президенттің қазақстандықтардың өмірін жақсарту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын бақылауға ерекше көңіл бөледі.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy