"ҚХП депутаттары тек халық мүддесін қорғайды" - деп мәлімдеді саяси ұйымның Мәжілістегі фракция жетекшісі Магеррам Магеррамов. Оған дәлел Қазақстан Халық партиясының өкілдері Павлодар кеме жөндеу кәсіпорынындағы келеңсіз жағдай туралы дер кезінде мәселе көтерді. Соның арқасында зауытты тоқтату жөніндегі заңсыз актілер күшін жойып, қауіпті аумаққа мектеп салынбайтын болды.