ҚХП депутаты БҚО-дағы оңалту орталықтарының жұмысымен танысты

Мәжіліс депутаты, ҚХП жанындағы «Жас орта» жастар қанатының жетекшісі Ислам Сұңқардың Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары жалғасуда.

Өңірдегі сайлаушылармен кездесу бағдарламасы аясында Мәжіліс депутаты Орал қаласының «Қалалық көпбейінді аурухана» ШЖҚ МКК ұжымымен кездесті. Мұнда алдымен депутат үшін арнайы қысқаша танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Нысан құрамында жылу қазандығы, азық-түлік блогы, кір жуатын орын, гараж, оттегі блогы, электр қуаты өшіп қалған жағдайда дизельдік электр блогы орналасқан 8 негізгі және 5 қосалқы ғимарат бар.

1

«Аурухана Қазақстанның, Ресейдің, Италияның, Германияның және Жапонияның жетекші компаниялары өндірген жабдықтарымен жабдықталған», - дейді дәрігерлер.

Депутат сапар барысында №5 Орал қалалық емханасына да барды. Бұл ауысымына 500 адам қабылдауға арналған заманауи стандарттарға сай емхана. Медициналық ұйымның ғимараты барлық санитарлық талаптар мен нормаларға сәйкес келеді. Ол ересектер мен балаларды қабылдауға арналған екі корпустан тұрады. Мекемеде шамамен 60 000 науқас (34 957 ересек, 16 103 балалар және 1 955 жасөспірімдер) бар және оларға 79 дәрігер қызмет көрсетеді.

3

Одан бөлек депутат И.Сұңқар ҚХП Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Борис Лаврентьевпен бірге «Жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектерге арналған Орал медициналық-әлеуметтік мекемесіне», «Ақжайық» «Мүгедек адамдарды абилитациялау және оңалту орталығына» және Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына барды.

9

10

6

7

«Бұл – өңірдегі әлеуметтік саладағы заманауи стандарттар мен технологияларға сай келетін алғашқы оңалту орталығы», - деп нақтылады мәжілісмен.

8

Орталықтың басты мақсаты – тірек-қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларды әлеуметтік оңалту шараларын қамту және бірінші және екінші топтағы мүгедектерді оңалту. Мұнда емдеу ғимараттары, жүзу бассейні, спорт және акт залдары, компьютерлік, Еңбек және көркемсурет сыныптары, Монтессори әдістемесі бойынша оқыту мен дамытуға арналған кабинеттер, сондай-ақ түрлі бағыттағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған үй-жайлар бар.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy