Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының Павлодар облысына сапары аясында Мәжіліс депутаты Ислам Сұңқар Шарбақты ауданына барды. Аграрлық мәселелер жөніндегі комитеттің өкілі ретінде мәжілісмен, жергілікті халықпен жолығып, ауыл шаруашылығы мәселелерін талқылады.
Аудан халқымен кездесуде депутат алдымен ҚХП бағдарламасы және фракцияның парламенттік қызметі туралы қысқаша баяндады. Ал, ауыл тұрғындары шаруа қожалықтарының өзекті мәселелерін көтерді. Биылғы жыл фермерлер үшін өте қиын болды, қуаңшылық салдарынан егін түсімі аз болды. Аудандағы шаруа қожалық өкілдері майлы дақылдарды экспорттаудағы кедендік баж салығының жоғарылығына (20%) шағымданып, оны төмендетуді сұрады.
Бұдан әрі депутат "Шарбақты элеваторы" ЖШС-де болып, кәсіпорынның техникалық жағдайымен танысты. Онда бас инженермен астықты қабылдау, сақтау және қайта өңдеу шарттары және кәсіпорынның қуаттылық ерекшеліктері туралы талқылады.
Ислам Сұңқар "Победа" ЖШС орналасқан Орловка ауылына да барды. Депутат жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жұмысын және бизнесмендердің ауыл тұрғындары алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін жоғары бағалады.
Кәсіпорын өз қызметкерлеріне де, жалпы ауыл тұрғындарына да көп көңіл бөледі. Мұнда жұмысшылар үшін тұрғын үй салынуда, несиелер мен субсидиялар беріледі. Ауылда жарықтандыру да бар, спорттық, демалыс және мәдени инфрақұрылым өз деңгейінде дамыған.