ҚХП депутаты Магеррам Магеррамов ШҚО-да бірқатар кездесу өткізді

Қазақстан Халық партиясынан сайланған Мәжіліс депутаттары өңірлерге аттанды. ҚХП парламенттік фракциясының басшысы, мәжілісмен Магеррам Магеррамов сайлаушылармен кездесу үшін Шығыс Қазақстан облысына барды

Өскемен қаласының Әділет департаментінде М. Магеррамов заңгерлермен: адвокаттармен, заң кеңесшілерімен, нотариустармен, медиаторлармен және жеке сот орындаушыларымен кездесті. Депутат ҚХП бастамашылық жасаған адвокатура мәселелері жөніндегі заң жобасы туралы егжей-тегжей айтып берді

Құжатты талқылау барысында қызу пікірталас туды. Жеке сот орындаушылары адвокаттар мен заң кеңесшілерінің өкілеттігін кеңейтудің қажеті жоқ деп мәлімдеді. Айтуларынша, бұл бастама жеке сот орындаушыларына деген сұранысты арттырып, олардың жүктемесін күшейтеді

– Бұл ретте заңнамада жеке сот орындаушыларына салынған сұраудың негізділігін тексеру құқығы берілмеген, – деді олар. – Жеке сот орындаушылары тек жауап берумен айналысуға мәжбүр болад

Оларды жергілікті нотариат қолдады. Ал ШҚО Заң кеңесшілері палатасының мүшелері қарсы пікір білдірді. Қарсылық танытқандардың сөзінше, заң кеңесшілері қорғалмаған. Үнемі қауіп-қатерге ұшырайды және құпия деген сылтаумен үнемі ақпарат ала алмай жүреді.

– Біз кепілдендірілген көмек көрсетеміз, бұл көмек сапалы болуы керек, – деді олар. – Біздің де қажетті ақпаратты ала алмайтынымыз жасырын немесе құпия емес. Сапасыз жұмыс үшін жауапкершілік қарастырылғанын және бізге айыппұл салынатынын назарға алсақ, көмек көрсету туралы сөз қозғағың да келмей қалады.

Талқылауды тыңдағаннан кейін М. Магеррамов жобаға қатысты келіп түскен ескертулерді ескеріп, консенсусқа қол жеткізуге және процестің барлық қатысушыларының құқығын сақтауға тырысуды ұсынды

ШҚО - ға жұмыс сапары барысында депутат Согра ЖЭО ұжымымен жүздесіп, аймақты жылумен жабдықтау мәселесін талқылады. Әңгімелесу кезінде жабдықтардың тозуы мен энергетика саласындағы кадр тапшылығы өзекті болып тұрғаны айтылды.

Мәжілісмен жергілікті оңалту орталығында болып, облыс әкімі Ермек Көшербаевпен және өңірдегі кәсіподақ ұйымдарының басшылығымен кездесті.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy