ҚХП депутаты мектеп-интернаттардың бюджетін зерделеуге ниетті

Өңірлерге жұмыс сапары барысында ҚХП депутаты Ирина Смирнова Алматы облысының бірқатар мектеп-интернаттары мен балалар үйлеріне барды.

Ең әуелі ол дамуында ерекшелігі бар балаларға арналған Қаскелең қаласындағы №3 облыстық арнайы мектеп-интернатында болды.

Мәжілісмен мекеменің жағдайы мен оның жабдықтарын оң бағалады.

– Ғимараттың ескі екеніне және күрделі жөндеу жүргізілмегеніне қарамастан, барлық жерде жайлылық пен тазалық бар, – деп атап өтті И. Смирнова. – Оқушылар үшін душ, ас әзірлеу және тігу технологиясының кеңселері қарастырылға. Бұл балаларға сүйікті ісімен айналысуға, пайдалы дағдыны меңгеруге, қарапайым өмірге бейімделуге мүмкіндік береді.

Депутат Ұзынағаш ауылындағы Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектепке де оң баға берді. Оның сөзінше, «Қазақстан халқына» қоры бөлген қаражатқа жасақталған оқу кабинеттері мен жабдықтары заман талабына сай.

И.Смирнова облыстық білім басқармасының білім ордасына жеткізген жиһазына көңілі толмайтынын мәлімдеді.

– Жиһаздың барлығы ауыр, ыңғайсыз және қолайсыз, – деді И.Смирнова. – Осы мектептердің бюджетін зерттеп, бұл жерде неліктен ешқашан күрделі жөндеу жүргізілмегенін анықтау қажет.

Депутат Шиен ауылындағы Қоғамшыл бастауыш мектебінде және мектеп жанындағы интернатта да болды. Бұған қоса ол ауруханада жатқан партияласы, Жамбыл аудандық мәслихатының депутаты Есен Мұқашевке жағдайын білу үшін арнайы кіріп шықты.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy