ҚХП депутаты мектеп-интернаттың жағдайына ашынды

Мәжіліс депутаты Ирина Смирнованың Алматы облысының сайлаушыларымен кездесуі жалғасып жатыр.

Белбұлақ кентінде мәжілісмен оңалту, протездеу және қалпына келтіру, емдеу орталығында болып, мүгедектігі бар адамдарға арналған заманауи протездерді дайындау технологиясымен танысты. Бұл жер кадр тапшылығын сезініп отыр. Реабилитологтар жетіспейді, отандық физиотерапевттердің біліктілігі сын көтермейді. Протез салатын мамандар қат болып тұр. Біздің елде мұндай мамандар даярланбайды. Түрлі ұрандарға қарамастан, бізде инклюзивті ортаны пандус салумен шектелуде.

– Бізге осындай мамандарды даярлайтын колледж қажет, – деп атап өтті ҚХП депутаты И. Смирнова.

«Облыстық санаторий үлгісіндегі мектеп-интернатқа» барған кезде мәжілісмен жағымсыз күйге тап болды. Жақында күрделі жөндеуден өткен ғимарат көзге қораш көрінді. Ескі кереуеттер мен кеңес заманынан мұра болып қалған жиһаз мектеп-интернаттың абыройына нұқсан келтіріп тұр. Дәретханада, жуынатын бөлмелерде жеке гигиенаға қатысты қарапайым жағдай жасалмаған. Мұны қызметкерлер балалар аптасына бір рет моншаға барады деген уәжбен ақтап алуға тырысты.

– Біз өткен ғасырға тап болғандаймыз! – деп кейіді И. Смирнова. – Мұндағы балалардың жағдайы тұтқындардан да нашар. Мемлекет осындай мекемелерді қамтамасыз етуге көп ақша бөледі! Бұл балалар оқуға емес, өмір сүруге мәжбүр болатын интернат!

ҚХП депутаты мәселені назарда ұстайтынын мәлімдеді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy