ҚХП депутаты Шемонаиха ауданында кездесу өткізді

«Қазақстан Халық партиясы» парламенттік фракциясының басшысы, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов Шемонаиха ауданына жұмыс сапарымен барды.

Мәжілісмен Шемонаиха ауданының әкімі Григорий Акуловпен және аудандық мәслихат төрағасы Мұрат Желдібаевпен кездесті. Олар жол инфрақұрылымының жай-күйін, жергілікті қоғамдық көлік қатынасын және халықтың басқа да әлеуметтік-экономикалық мәселелерін талқылады.

Бұдан соң М. Магеррамов аудандағы орталық ауруханада барып, мекеменің басшылығымен, ұжымымен кездесті және палаталардағы медициналық жабдықтарымен танысып, пациенттермен сөйлесті.

Шемонаиха ауданының прокуратурасы мен полиция бөлімінде мәжілісмен қадағалау және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне ҚХП бастамашылық еткен адвокатура және күзет қызметі мәселелеріне арналған заң жобалары туралы баяндады.

Жұмыс сапары аудандық Төтенше жағдайлар қызметінде қорытындыланды. М. Магеррамов ғимаратты аралап, құтқарушылардың техникасымен танысты.

– Азаматтық қорғау қызметкерлерін әлеуметтік қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі, тұрғын үй мәселесінің өзектілігі кадрлардың тұрақтамауына себеп болып отыр, – деген болатын бұған дейін ҚХП депутаттары.

Өз кезегінде мәжілісмен Халық партиясы құтқару қызметі өкілдерінің жалақысын көтеруге және әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған бастамаларды алға ілгерілеткенін тілге тиек етті.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy