«Қазақстан Халық партиясы» парламенттік фракциясының жетекшісі, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы Магеррам Магеррамов көші-қон саласына қатысты заң жобасын талқылауға арналған жұмыс кеңесіне қатысты.
Құжатты талқылау кезінде сарапшылар нақты ұсыныс жасап, ойларын ортаға салды.
Айта кетейік, жұмыс тобын М. Магеррамов басқарады. Ал заң жобасын Қазақстан Халық партиясының депутаттық фракциясы әзірледі.
Іс барысында Парламентаризм институты заң жобасының нормалары бойынша қорытынды дайындады.
Жиын қорытындысында депутат күзде болатын жұмыс тобының жиналысында барлық ұсыныстар зерделенетінін айтты.