Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Магеррам Магеррамов елордалық сайлаушылармен кездесулерін жалғастыруда. Сондай шаралардың бірі Астанадағы оқ және стендтік ату федерациясының басшылығы және спортшыларының қатысуымен өтті.
Қазақстандық мергендердің мақтанарлық жетістіктері жеткілікті.
«Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарында спортшыларымыз Ислам Сәтбаев пен Александра Ленің сәтті өнер көрсеткеніне куә болдық. Олар оқ атудан ел тарихындағы алғашқы медальді иеленді. Бұл жеңіс оқ ату спортына қызығушылық танытқан жас буынға мотивация болғаны сөзсіз», - деп атап өтті депутат.
Магеррам Магеррамов елімізде спорттың осы түрін дамытуды, спортшыларды қолдауды, спорттық іс-шараларға (соның ішінде жоғары жетістіктері бар жарыстарды) дайындау үшін қолайлы жағдай жасауды және, әрине, бұқаралық балалар мен жасөспірімдер арасында осы спорт түрін дамытуды жалғастыру қажет деп санайды.
Тағы бір кезекті кездесу қауіпсіздік ұйымдарының өкілдерімен өтті. Шара барысында түрлі ортақ тақырыптар шеңберінде әңгімелесу болды.
«ҚХП фракциясы қауіпсіздік қызметі туралы заң жобасына бастамашы болды. Мәжілісте пысықталып жатқан осы заң жобасын талқылап, шағын кәсіпкерліктің мәселелері жөнінде әңгіме өртбіттік», - деді Магеррамов.
Күзет ұйымдарының өкілдері өз тарапынан депутатқа ШОБ субъектілеріне салықтық преференциялар беру және күзет органдарына қойылатын біліктілік талаптарын күшейту бойынша өз ұсыныстары мен бастамаларын айтты.