ҚХП Маңғыстау облыстық филиалы жылды қортындылады

Қазақстан Халық партиясы Маңғыстау облыстық филиалы 2023 жылғы атқарылған іс-шаралар қорытындысына арналған жиын өткізді. Жалпы филиал жыл басынан бері жалпы саны 175 іс-шараны ұйымдастырды. Оған 50 мыңнан астам қатысты. Сонымен бірге 5 қайырымдылық акциясы өтті.

Атап айтқанда партиялық бақылау шеңберінде облыстағы саяжай тұрғындарының үй-тұрмыс жағдайларын жақсарту мақсатында, қажеттіліктермен қамтамасыз етілуін, нақты жағдайларды анықтау бағытында арнайы кездесулер өтті.

Сонымен бірге қыркүйек айында мәслихат депутаттарының атқарған жұмыстарын қорытындылау және Президентіміздің Жолдауын талқылауға арналған жиын болды. Облыс бойынша туризм саласын дамыту, жұмыссыздық мәселесі, Арал теңізінің аймақтық жағдайы Бейнеу ауданына кері әсері туралы мәселелер көтеріліп, әзірленген барлық қажетті құжаттар тиісті мемлекеттік органдарға жолданды. Айтылған мәселелер мен пікірлерді қорытындылай келе оны орындау міндеті қойылды.

1

Ақтау, Жаңаөзен қалаларында Үкіметтік емес ұйымдармен, Семей ядролық полигонында әскери борышын өтеген ардагерлермен, Ауған соғысының, Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығыстардың және тәжік-ауған шекарасы қақтығысының ардагерлері ұйымдарымен кездесулер өткізілді. Ардагерлер партия қатарына мүше болып кіруімен бірге, елдің бірлігі мен ынтымағы, Отан қорғау, жастарға патриоттық тәрбие беру бағытында партия бағдарламасына сай жұмыстар жүргізуде. Осылайша, 2023 жылға арналған жоспар толық орындалды деуге негіз бар.

Ал, алдағы 2024 жылға белгіленген, өңірдің әлеуметтік саяси және экономикалық жағдайына тікелей әсер ететін негізгі проблемалық жағдайларды күн тәртібінде қарау жоспарда. Жұмыссыздық мәселесін шешуге ат салысу, электр энергиясы мен ауыз су, экологиялық жағдайлар туралы мәселені көтеріп, оны шешу жолдарын қаралады. Сонымен бірге ҚХП Маңғыстау облыстық филиалында партия мүшелерінің санын көбейту қарастырылып отыр.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy