Қазақстан Халық партиясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Құжат ел ішіндегі этносаралық келісімді нығайту мен мәдени даму бойынша екі ұйымның өзара іс-қимылын ілгерілетуге бағытталған. Меморандумға Партия төрағасы Ермұхамет Ертісбаев пен ҚХА төрағасының орынбасары, Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов қол қойды.
Бүгінде түрлі этнос өкілдерінен құралған Халық партиясы бұған дейін де ҚХА-мен табысты ынтымақтастық орнатқан. Қазіргі уақытта ҚХП төрағасының орынбасары, парламенттік фракция жетекшісі Магеррам Магеррамов ассамблеяның өкілі. Тіпті, партиялық тізім арқылы сайлауға түскен кандидаттардың да бірқатары ассамблея мүшесі.
Бүгінде ҚХА қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып келеді. Жуық арада ассамблеяның бастамасымен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын талқылауға арналған республикалық кеңес өтті. Онда ҚХП мен ҚХА аймақтық филиалдары арасындағы өзара іс-қимылды жандандыру мәселесі сөз болды.
ҚХП төрағасы Ермұхамет Ертісбаев өкінішке қарай, кейіндері елімізде фашизмнің жиі бас көтеріп, олардың үні әлеуметтік желілерде ашық естіліп жатқанын соңғы сайлау науқаны айқын көрсеткенін атап өтті.
Марат Әзілханов Қазақстан Халықтық партиясы үнемі еліміздің саяси өміріне белсенді аралысып келе жатқанына ерекше тоқталды. Партия Мәжілісте, мәслихаттарда және республиканың барлық қолда бар саяси алаңдарында қоғам мүддесін қорғайтынын атап өтті.
– ҚХП мен ҚХА арасында өзара байланыс тұрақты, барлық бағыт қамтылған, - деді Әзілханов - Бізде жұмыла көтеретін және соған күш салатын ортақ мүдде бар.
Ұйымдар елімізде бейбітшілік пен келісімді нығайту және сақтау бойынша бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты.