ҚХП Мұрат Лаумулиннің отбасына қайғырып көңіл айтады

dep.jpg Қазақстан Халық партиясы Мұрат Тұрарұлы Лаумулиннің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты оның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Мұрат Тұрарұлы көрнекті шығыстанушы-тарихшы, сарапшы, саясаттанушы, педагог, журналист және дипломат болды. Тәуелсіз Қазақстанға бағалауға келмейтін өлшеусіз еңбек сіңірді.

Оның жұмысы үнемі ел игілігіне бағытталды. Ғылыми және публицистикалық еңбектері ел ішінде ғана емес, алыс-жақын шет елдерде де жарық көрді және зерттелді.

Мұрат Тұрарұлы өзінен кейін лайықты мұра қалдырды. Оның қаламынан Қазақстан мен Орталық Азияның тарихы мен тарихнамасына, халықаралық қатынастар мен сыртқы саясат мәселелеріне қатысты 1000-ға жуық мақала мен 35 монография туды.

Біздің еліміз өз ісінің жоғары білікті маманынан және нағыз патриоттан айырылды. Бұл орны толмас қаза.

Талантты ғалым мен керемет адамның жарқын бейнесі жадымызда мәңгі сақталады.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy