ҚХП-нан кандидат Мамлют ауданының даму жоспарын таныстырды

Қазақстан Халық партиясы аудандар мен облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау бойынша сайлау науқаны аясындағы үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда. Жақында Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданында сайлаушылармен кездесу өтті. Мұнда аудан әкімі сайлауына Қазақстан Халық партиясынан кандидат ретінде Елена Степаненко тіркелген. Жоспарланған барлық іс-шараға партия төрағасы Ермұхамет Ертісбаев қатысты.

Алғашқы кездесу Мамлют ұн тарту комбинатының еңбек ұжымымен өтті. Сайлаушылар алдында сөйлеген сөзінде ҚХП басшысы алдағы сайлаудың бүкіл ел үшін маңыздылығын атап өтті.

  • Қазақстан Тәуелсіздік алғалы бергі 32 жылдан соң алғаш рет азаматтарымызға өз аудандарының әкімдерін сайлауға мүмкіндік берілді, - деп атап өтті Ертісбаев. - Яғни, сіз өз билігіңізді өзіңіз таңдайтын боласыз! Бұл біздің республикамызды саяси жаңғыртудағы қуатты қадам.

  • Мамлют ауданында 13 мың сайлаушы тұрады. ҚХП төрағасы сайлаушылардың барлығын 5 қарашада сайлау учаскелеріне барып, халық кандидатына дауыс беруге шақырды. Елена Степаненко өз өмірбаянын қысқаша айтып, сайлауалды тұғырнамасын баяндады.

  • Мен ауылда дүниеге келдім, ауылда жұмыс істедім, ауылдың барлық мұң-мұқтажын жақсы білемін, - деді кандидат. - Әкім сайлауына қатысамын деп жауапты шешім қабылдағалы бері, ауданымыздың барлық елді мекендерін аралап шықтым. Маған ауданымыздағы барлық мәселелер бесенеден белгілі, оның ресурстық әлеуеті мен экономикалық мүмкіндіктері де жақсы таныс.

  • Степаненко өзінің сайлауалды бағдарламасының басты бағыттары деп ШОБ-ті, ауыл шаруашылығын және аграрлық өнімдерді қайта өңдеушілерді қолдауды атады. - Осы салаларға нақты қолдау болғанда ғана маусымдық жұмыспен қамтудың деңгейі көтеріліп, тиісінше халықтың әл-ауқаты артады,-деді.

Үміткер егер сайланған жағдайда алдағы төрт жылда жол инфрақұрылымының барлық мәселелерін шешуге уәде берді. Ауылдық мектептердің ғимараттары мен денсаулық сақтау нысандарын, сондай-ақ жергілікті мәдениет үйлерін жөндеу мен қайта жаңғыртуға ерекше назар аударатынын айтты.

  • Мен сіздерге алтыннан тау тұрғызып беремін деп уәде бермеймін, - деп атап өтті Степаненко. - Менде ауданды дамытудың нақты бағдарламасы бар. Сіздердің нақты қолдауларыңызбен ғана бүгінгі айтылған жоспарларды іске асыруға болады.
  • Сайлаушылармен дәл осындай кездесу Мамлют мәдени орталығының залында да өтті.

Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауы 2023 жылдың 5 қарашасында өтеді. ҚХП сайлау науқаны кезеңінде 20000-нан астам сайлаушыны қамтыған 300-ге жуық іс-шара ұйымдастырды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy