Түркістан облысы, Мақтаарал ауданына жұмыс сапары аясында ҚХП Орталық аппаратының өкілдері ауданның қоғам қайраткерлерімен, ардагерлермен, журналистермен және аудан активімен кездесу өткізді. Сонымен қатар, аудан әкімі Бақыт Асановпен кездесті.
Партия мүшелері мен қоғам қайраткерлерінің басқосуында өңірді дамыту, жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту және әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға қатысты маңызды мәселелер талқыланды. Қатысушылар өзекті мәселелер бойынша өз көзқарастарын бөлісіп, оларды шешуге арналған идеялар мен ұсыныстарын айтты.
«Әлеуметтік саясатты қолдауға, халықты жұмыспен қамтуға, ауыл шаруашылығын дамытуға, қоғамдық келісімді нығайтуға ерекше назар аудару қажет», - деп атап өтті шараға қатысушылар.
Әкім Бақыт Асановпен кездесуде ҚХП-ның Мақтаарал аудандық өкілдігінің ашылуы басты тақырып болды. Партия мүшелері өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелерді көтеріп, партияның жергілікті билік органдарымен өзара іс-қимылының келешегі туралы ойларын ортаға салды. Аудан әкімі өз тарапынан аймақтың алдында тұрған түйінді міндеттерді шешуде ҚХП-мен ынтымақтасудың маңызына тоқталып, ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.