Қазақстан Халық партиясының Қостанай облыстық филиалы (ҚОФ) жиналыс өткізіп, жыл ішінде атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Осы уақыт аралығында филиалдың, қалалық өкілдіктердің, бастауыш партия ұйымдарының және жастар қанатының күшімен жалпы саны 11320 адамды қамтитын 320 іс-шара ұйымдастырылды.
ҚХП ҚОФ облыстық маңызы бар аудандар мен қалалар әкімдерінің сайлауына белсенді қатысты. Нәтижесінде Денисов ауданының әкімі болып 73,3% дауыс жинаған ҚХП атынан кандидат Руслан Қатпаев сайланды. Облыстың Қоғамдық кеңестерде де филиалдың өз өкiлдерi бар. Партия өкілдері Қостанай облыстық мәслихатының, Рудный қаласы мен Арқалық қаласының қоғамдық кеңестерінің 63 отырысына қатысты.
Филиал жұмысының басты бағытының бірі – еңбек ұжымдарын партия мүшелігіне тарту болып табылады. Осы мақсатта 4 жерде, атап айтқанда А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-де, , «Арқалық Құс», «Ескендір1», «Ескендір 2» ұжымдарында бастауыш партия ұйымы (БПҰ) құрылып, 97 адам партия мүшелігіне өтті.
ҚХП ҚОФ қоғамдық қабылдау бөлмесіне 435 ауызша және 15 жазбаша өтініш келіп түсті. 435 өтініш бойынша заңгерлік кеңес берілді, оның ішінде Рудный қаласынан - 135 және Арқалық қаласынан – 38 өтініш-шағымдар келген. Шағымдар тұтынушылардың құқықтарын қорғау, жалақы бойынша қарыздарды қайтару, заңсыз жұмыстан босату, төлемдер мен жәрдемақыларды тағайындау және т.б. мәселелерге қатысты болды.
ҚОФ есептік кезеңде өзара ынтымақтастық туралы 6 Меморандумға қол қойды. Әлеуметтік желілер бойынша белсенді жұмыс атқарылып, 646 жарияланым орналастырылған. 3 партиялық конференция өткізілді. Халықпен түсіндіру және үгіт-насихат жұмыстары және құқықтық сауаттылықты арттыру тұрақты негізде жүргізіліп келеді. Еңбек ұжымдарымен 20-дан астам кездесу ұйымдастырылды. Партиялық бақылау аясында 7 рет азық-түлік, мектеп керек-жарақтары, медициналық қызмет көрсету және т.б. бағаларға мониторинг жүргізілді.
Филиал ата-аналар қоғамымен белсенді ынтымақтастық орнатып, қамқоршылық кеңестердің жұмысына қатысады. Осы бағытта 5тікелей эфир өткізіліп, 4 диалог алаңы құрылды. Филиал өкілдері аудандар мен кенттерге барды. Белсенділер қаланың іс-шараларына – алқалы жиындарға, отырыстарға, кеңестерге, семинарларға, тренингтерге және экологиялық акцияларға қатысты.
Жұмыс қорытындысы бойынша филиал басшысы Ольга Березуцкая Рудный қаласы әкімінің және Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің Алғыс хаттарымен марапатталды.