Қазақстан Халық партиясының парламенттік фракциясы көшпелі отырыс барысында Павлодарда «Қазақстанның экономикалық дамуының жаңа парадигмасындағы салық саясаты» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, кәсіпкерлер, жұртшылық және БАҚ өкілдері қатысты.
Талқылаудың басты тақырыбы ҚР Салық кодексіне алда енгізілетін заңнамалық өзгерістер болды. Ел экономикасы, ШОБ-ты дамыту үшін де ыңғайлы қарапайым, түсінікті және баршаға қолжетімді заңдар жиынтығы қажет.
– Менің ойымша, бұл жақсы, ашық әңгіме болды, - деп атап өтті ҚХП фракциясының жетекшісі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Магеррам Магеррамов. - Біздің міндетіміз-бизнесті дамытуға кедергі келтіретін барлық қиындықтар мен проблемаларды мүмкіндігінше жою, бұл елдің экономикасын жаңғыртудың жаңа бағытына сай болу.
ҚР Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің өкілі Ирина Смирнованың пікірінше, өнеркәсіптік өндірісті де, ауыл шаруашылығы саласын да, шамадан тыс салықпен басып-жаншу емес, барынша қолдау жасау. Бұл мемлекет мүддесі үшін аса қажет.
– Егер бизнес мемлекет жасаған қолайлы жағдайларда табысты әрі дамитын болса, ол көп салық төлей алады, - деді мәжілісмен. - Өкінішке қарай, мұны әлі де түсінбейді. Ол үшін әрине, көп жұмыс істеу керек.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Халық партиясының парламенттік фракциясы Павлодар облысына барып, жергілікті индустриялдық кәсіпорындар мен шаруа қожалықтарының еңбек ұжымдарымен бірқатар кездесулер өткізді.