ҚХП Шымкент қалалық филиалы: жыл қорытындысы

«Қазақстан Халық партиясы» ҚБ Шымкент қалалық филиалы 2023 жылғы атқарған жұмыстарын қорытындылап, 2024 жылдың жоспарына арналған жиналыс өткізді.

Филиал төрағасы Б.А.Жандарбеков өңірлік саяси ұйым активі мен Кеңесі алдында есепті кезеңде атқарылған жұмыстар туралы қысқаша баяндады. Жалпы, ҚХП Шымкент қалалық филиалы әкімдіктің мемлекеттік құрылымдарымен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, қаланың өзекті мәселелерін көтеріп, оны шешуге ықпал ете отырып, түрлі іс-шаралар мен акцияларды белсенді ұйымдастырды. ҚХП Шымкент филиалының төрағасы Б.Жандарбеков сайлау науқаны кезінде сайлаушылармен қөптеген кездесулер өткізгенін жеткізді. Мәжіліс пен қалалық мәслихат депутаттығына сайлау науқаны кезінде ҚХП ҚБ-ның мазмұнды Бағдарламасы Қазақстан азаматтарының әлеуметтік мәселелерін шешуге ықпал еткенін айтты.

2

Халықпен етене жұмыс жасау – партия филиалының басым бағыттарының бірі, жалпы алғанда жыл басынан бері төрт жүзден аса іс-шаралар, кездесулер ұйымдастырылған.

Есеп беру жиынында Б. Жандарбеков келер жылы партия филиалының алдында тұрған жаңа міндеттер мен мақсаттарды ортаға салды.

Жиналыс соңы ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында «Қазақстан Халық партиясы» ҚБ төрағасы Е.Қ. Ертісбаевтың атынан белсенділік танытқан азаматтарды алғыс хатпен марапаттау рәсімімен аяқталды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy