ҚХП спорттағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясының фракциясы алдын ала келісіліп қоятын футбол ойындарына қарсы күресті күшейтуге шақыратын депутаттық сауал жолдады.

– Бұл проблема футбол клубтарының қаржылық жағдайына тікелей әсер етеді, сондай-ақ қоғамның футболға деген сенімін төмендетіп, оның әлеуметтік ықпалын әлсіретеді, - деді фракция жетекшісі Магеррам Магеррамов.

Қазақстан футбол федерациясымен бірлесіп өткізілген дөңгелек үстелде Федерация Президенті Әділет Барменқұлов спорттағы сыбайлас жемқорлық қоғамдық маңызы бар проблема деген пікір білдірді. Ол бұл құбылыстың ауқымы онлайн букмекерлікттің шарықтап дамуының арқасында едәуір кеңейгенін, жаһандық спорт нарығындағы 80 пайызға жуық бәс тігу заңсыз сипатқа ие екендігін атап өтті.

Депутаттық сауалда Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер енгізу ұсынылады. ҚХП фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов заңнамаға «келісілген матч» және «манипуляция» ұғымдарын енгізу, сондай-ақ осы құбылыстарға қатысы бар адамдардың әрекеті немесе әрекетсіздігі үшін заңды жауапкершілікті енгізу қажеттігін атап өтті.

Футболдағы келісілген кездесулермен күресу мақсатында Қазақстан Халық партиясы ҚР ІІМ базасында арнаулы бөлімше құруды ұсынады. М.Магеррамов мұндай шаралар құқық қорғау органдары, футбол федерациясы және мүдделі тараптар арасындағы ынтымақтастық тетіктерімен үйлесімде елдегі осы құбылыспен жедел күреске ықпал етуі тиіс деп түйіндейді.

Осылайша, Қазақстан Халық партиясының ұсыныстары келісілген матчтармен нәтижелі және жедел күресу үшін фреймворк құрады, яғни, ауқымды бағдарламалық жүйенің негізін салады. Бұл жағдай болашақта елдегі кәсіби футболды дамытуға оң ықпал етуі мүмкін.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy