ҚХП Теміртау қалалық кәсіпкерлік пен қызмет көрсету жұмысшыларының кәсіподағын мерейтоймен құттықтайды

dep.jpg

Құрметті Наталья Михайловна! Құрметті әріптестер, достар!

Қазақстан Халық партиясы атынан Сізді және кәсіподақ активін «Теміртау қалалық кәсіпкерлік пен қызмет көрсету жұмысшыларының кәсіподағы» ҚБ-нің құрылғанына 20 жыл толуымен құттықтаймын. Сіз ұзақ жылдар бойы еңбек адамының мүдделерін қорғау үшін принципті ұстаным қажет екенін бәріне дәлелдедіңіз.

Сіздің Кәсіподағыңыз Теміртау мен Қарағанды облысының мердігерлік және сервистік ұйымдары қызметкерлерінің арасында құрмет пен беделге ие болды. Екі мыңнан астам кәсіподақ мүшесі ірі металлургиялық кешенге қызмет көрсете отырып, халық игілігі үшін жұмыс істеп келеді.

Қазақстанның Халық партиясы барлық азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, бірінші кезекте, жалдамалы қызметкерлердің әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғайды. Біз Әділетті Қазақстанды бірге құратын боламыз!

Осы айтулы күні Сізге, кәсіподақ активіне және барлық еңбек ұжымдарына зор денсаулық, табыс және отбасылық бақ-береке тілеймін!

Игі тілекпен, Қазақстан Халық партиясының төрағасы Е.Ертісбаев


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy