Республика күні қарсаңында Қазақстан Халық партиясы төрағасының орынбасары, партияның парламенттік фракциясының жетекшісі, Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы, депутат Магеррам Магеррамов «Құрмет» орденімен марапатталды.
24 қазанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республиканың дамуына елеулі үлес қосқан ел азаматтарын мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды. Жарлыққа сәйкес Магеррам Магеррамов «Құрмет» орденімен марапатталды. Бұл марапат экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті, білім беруді дамытуға сіңірген еңбек, сондай-ақ белсенді қоғамдық қызмет үшін беріледі.