ҚХП Түркістан облыстық филиалы өткен жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылады

Партияның Түркістан облыстық филиалы 2023 жылғы жұмыстарын қорытындылап, 2024 жылдың жоспарына арналған жиналыс өткізді.

Филиал төрағасы З. М. Қамбарова өңірлік саяси ұйым активі мен Кеңесі алдында сөйлеген сөзінде 2023-ші жыл серпінді болғанын атап өтті. Атап айтқанда, ҚР Парламенті Мәжілісіне және барлық деңгейдегі мәслихаттарға депутаттар сайлауда, сонымен қатар ауылдық округтер әкімдерін сайлау бойынша партия филиалы нәтижелі жұмыс жүргізді. Бұған қоса өңірдің өзекті мәселелеріне арналған түрлі форматтағы іс-шаралар өткізілді.

Жалпы алғанда ұзын-ырғасы 563 іс-шара ұйымдастырылған. Халықпен етене жақын жұмыс істеу – Партия филиалының басым бағыттарының юірі. Осы бағытта Түркістан облысының өзекті мәселелері бойынша 518 кездесу, 45 дөңгелек үстел өткізілді. Көпшілігі аймақтық қана емес, республикалық БАҚ-та да кеңінен жарияланды ("Хабар 24 kz").

1

Есеп беру жиынында Қамбарова келер жылы партия филиалының алдында тұрған жаңа міндеттер мен мақсаттарды ортаға салды. Қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

2

Партия белсенділермен өткен сындарлы диалог бір жарым сағаттан астам уақытқа созылды. Жиналыс соңы ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында "Қазақстан Халық партиясы" ҚБ төрағасы Е.К. Ертісбаевтың атынан белсенділік танытқан азаматтарды алғыс хатпен марапаттау рәсімімен аяқталды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy