ҚХП тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заң жобасын әзірлеп жатыр

Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев ҚХП Қостанай облыстық филиалының жаңа басшысы Ольга Березуцкамен кездесті. Ол бұған дейін Рудный қаласының партиялық филиалын басқарған болатын.

ҚХП төрағасы партияның бағдарламалық міндеттерінің маңыздылығына назар аударды.

– Біздің филиалдардың қызметінде ортақ бағыт пен ортақ мақсат болуы тиіс, – деді Ермұхамет Ертісбаев. – Біз барлығымыз бірге Қазақстан азаматтарының игілігі үшін Халық партиясының бағдарламасын іске асырамыз.

Партия төрағасы мен облыстық филиал басшысы бірқатар мәселелерді, соның ішінде тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заң жобасын талқылады.

О. Березуцкаяның баяндауынша, партия құжатты сайлаушылардың талқысына салуды жоспарлап отыр. Бұл үшін кездесулер мен дөңгелек үстел отырыстарын ұйымдастырып, азаматтардың ұсынысын жинамақшы.

– Біз басқа адамдардың емес, тұтынушылардың құқығын қорғайтын заңның қабылдануына қолдан келгеннің барлығын жасаймыз, – деді ҚХП Қостанай облыстық филиалының басшысы.

О. Березуцкая қоғамдық қабылдау аясында азаматтарға кеңес беру ісін ілгерілетуге және отандық кәсіпкерлерді қолдау шараларын жүйелеуге күш жұмсайтынын жеткізді. Оның сөзінше, шағын және орта бизнесті дамыту аймақ экономикасына, жұмыс орындарын құруға және жалдамалы жұмысшыларды әлеуметтік қолдауға оң әсер етеді.

– Кәсіпкерлердің өзекті мәселелерін анықтау және шешу түпкілікті тұтынушыға, халыққа оң нәтиже береді, – деп атап өтті филиал басшысы. – Бұл жерде сауатты тандем болуы керек.

ҚХП Қостанай облыстық филиалы ағартушылық жұмыс жүргізуге, оның ішінде азаматтардың құқықтық сауатын арттыруға, көпшілікті мемлекет беретін жеңілдіктер мен преференциялар сондай-ақ субсидиялар жайлы хабардар етуге де ниет танытып отыр.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy