ҚХП волейбол турнирін өткізуге қолдау көрсетті

Қазақстан Халық партиясы бұқаралық спорт саласын дамытуды қолдайды. Мәселен, ҚХП Шымкент қалалық филиалы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай өткізілген волейбол турнирін ұйымдастыруға қолдау көрсетті.

Байқауды Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті мен «Желтоқсан – 86-Тәуелсіздік таңы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

1

2

3

Жарысқа Шымкент қаласы мен Түркістан облысынан 15 волейбол командасы қатысып, ішінен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің командасы мен Шымкент қалалық ІІБ-ның құрама командасы финалға шықты. Шара соңында жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy