Республика күні қарсаңында Қазақстан Халық партиясы Қызылорда қалалық филиалы көп балалы отбасыларды құттықтады. Оларға сыйлық ретінде азық-түлік себеттері берілді.
Шараға ҚХП Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Қайрат Ерназаров демеушілік жасады. Таратылған азық-түлік себеттерінде 10 келі ұн, 5 келі күріш, 3 литр сары май, 10 келі картоп, 10 келі пияз, 3 келі сәбіз, 1 қорап шай, 4 келі макарон және 2 кел қант болды.
Халық партиясының Қызылорда қалалық филиалы өз жетекшілерінің қолдауымен аз қамтылған және әлеуметтік осал топтағы азаматтарға көмек көрсетуге бағытталған осындай іс-шараларды жүйелі түрде өткізіп келеді.