ҚХП Қызылорда облыстық филиалы 2023 жылы атқарылған жұмыс қорытындысын шығарды. Жыл басында ҚР Парламенті Мәжілісімен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтті. Аталған сайлауға партияның Қызылорда облыстық филиалынан 8 кандидат ұсынылды. Оның ішінде ҚР Парламент Мәжілісіне –1, Қызылорда облыстық мәслихатына партиялық тізім бойынша – 4, облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттарға бір мандаттық окрутер бойынша – 3 кандидат болды. Нәтижесінде облыстық мәслихатқа бір мандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша 1 кандидат мәслихат депутаты болып сайланды.
Жалпы жыл көлемінде партия тарапынан 110 шара өткізілді. Оған аймақтан 4000-ға жуық адам қатысты. Сонымен қатар 11 рет халықпен кездесу өтіп, 6 дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Ал партия мүшелерін қабылдау өткен жылмен салыстырғанда биыл 20 пайызға артты. Өңірде жыл басынан бері бес бастауыш партия ұйымы құрылды.
Сондай-ақ түрлі ұйымдармен өзара серіктестік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Партия тарапынан халыққа етене жақын болу үшін қоғамдық қабылдау жиі жүргізіліп отыр. Кездесулер барысында тұрғындардың басым көпшілігі әлеуметтік жағдайын, инфрақұрылым мәселелерін көтереді.
Бүгінге дейін азық-түлік бағасына, қоғамды көлік, онкология орталығына, оқушылардың мектеп формаларымен оқу құралдарына партиялық бақылау жүргізілді.
Маусым айының басында Астанада арнайы Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаевпен кездесу өтті. Шілде айының ортасында Халық партиясынан сайланған ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Гаухар Танашева елге келіп, екі күндік сапарында қаладағы және Қармақшы ауданындағы біршама мекемелерді аралап, көп балалы аналармен кездесті. Сонымен қатар ҚХП Атырау облыстық филиалының төрағасы Балжан Ибатқызы арнайы келіп, өз тәжірибесімен бөлісті.
Партияның негізгі мақсаты – әлеуметтік саланы жандандыру. Осыған орай әлеуметтік акцияларды жиі ұйымдастырды. Аудандарда тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетілді. «Мектепке жол» акциясы аясында Ақжарма, Ақсуат, Талсуат, Қызылөзек ауылдық округіндегі 60 бала оқу-құралдарымен қамтамасыз етілді. Ал ұлттық мереке – Республика күніне орай тұрмысы төмен және көп балалы 10 отбасына азық-түлік берілді.
Қыркүйек пен қазан айларында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жалпы Жолдауды насихаттауға байланысты 700 жуық тұрғынның қатысуымен 10 шара өтті.
Қызылорда облыстық филиалдың атқарған жұмыстары облыстық, қалалық телеарналар да көрсетіліп, басылымдар мен сайттарда 20 мақала жарық көрді.
Келесі жылы партияның облыстық фидаилында ардагерлер кеңесін, әйелдер және жастар қанатын құру жоспарда бар. Сондай-ақ әлеуметтік маңызды іс-шараларды ұйымдастыруды, игі бастамаларды қолдауды, Халық партиясның аймақтағы маңызын арттырып, партия мүшелерін көбейтуге күш салынады.