ҚХП Жамбыл облыстық филиалы жылды қорытындылады

Қазақстан Халық партиясының Жамбыл облыстық филиалы жыл қорытындысын шығарды. Басшылық атқарылған жұмыс туралы есеп беріп, 2024 жылға арналған жоспарларды талқылады.

Филиал басшысы Жанат Бастаубаева Жамбыл облыстық филиалының өңірдің қоғамдық өміріне белсене қатысып, мемлекеттік органдармен, шағын және орта бизнеспен, ҮЕҰ-мен сындарлы ынтымақтастық орнатқанын атап өтті. Филиал қайырымдылық қорларымен, КМУ және жеке ЖШС-мен өзара іс-қимыл туралы 8 меморандумға қол қойды. Өткен сайлаудың қорытындысы бойынша, ҚХП-ның 12 өкілі түрлі деңгейдегі өкілетті органдар құрамына кірсе, партияның тағы бір мүшесі ауылдық округ әкімі болып сайланды. Жыл басынан бері мәслихат депутаттары 63 депутаттық сауал жолдады.

Филиал қаланың еңбек ұжымдарында 11 бастауыш партия ұйымын құрып, халықпен 240-тан астам кездесу өткізді, оның ішінде 138-і Жамбыл облысының сайлаушыларымен кездесу болды.

2

Аталған кезеңде ҚХП Жамбыл облыстық филиалының қоғамдық қабылдауына 200-ге жуық адам шағымданды. Олардың шағымдары негізінен тұрғын үйге, жұмысқа орналасуға, инфрақұрылымға, ауызсудың жоқтығына және шешілмеген жер мәселелеріне қатысты болды. Филиал өтініш айтушыларға қажетті заң кеңестерін берді.

Қарашада біз өзіміздің жастар қанатын құрдық, - деп атап өтті Бастаубаева. - Қазір ол әлеуметтік, экологиялық, патриоттық, мәдени-бұқаралық және қайырымдылық бағыттар бойынша жұмыс жүргізуде.

1

Филиал активімен ауылдық округтер мен аудан әкімдеріне кандидаттарды іріктеу, сондай-ақ партия қатарын жаңа мүшелермен толықтыру жұмыстары белсенді жүргізілуде.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy