ҚХП жастар қанаты қарқынды дамып келеді

Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев Солтүстік Қазақстан облысы мен Абай облысынан келген партиялық жастар қанатының өкілдерімен кездесті. Кездесуге қатысушылар ҚХП бағдарламасы мен оның болашаққа арналған жоспарларын жан-жақты талқылады.

Пікірталас тақырыбының бірі партияның социалистік идеологиясы болды. Өкінішке қарай, қазір жастарда, көбінесе жасанды түрде социализмді теріс қабылдау қалыптасуда. ҚХП төрағасы бұл мәселеге қатысты партияның ұстанымын жан-жақты түсіндіріп, атап айтқанда, кедейшілікпен күресте өзінің тиімділігін көрсеткен қытайлық ерекшелігі бар социализм мен скандинавиялық социализмді мысалға келтірді.

Жастар социализм кезіндегі меншік мәселесін де назардан тыс қалдырмады. Тарихи тәжірибе көрсеткендей, социалистік идеология жеке бизнестің болуын жоққа шығармайды. Алайда, нақты сектордың стратегиялық өнеркәсіптік салалары, партиялықтардың пікірінше, мемлекеттің қолында болуы тиіс. Осыған нақты мысал – қазіргі таңда жаңа инвесторға беріп жіберу жоспарланып отырған Арселор Миттал Теміртау кәсіпорындарының жағдайы. Кәсіпорын жұмыс істегелі бері 200-ге жуық адам қаза тапты, ал соңғы, ең ауқымды апат 46 шахтердің өмірін қиды.

1

– Егер бізде пайда табу басты мақсатқа айналып, мемлекеттік-олигархиялық капитализм дәл осы күйінше қалып қоятын болса, онда ештеңе өзгермейді, - деп атап өтті Ермұхамет Ертісбаев. – Қайтадан жаңа апаттар мен өлімдер болады. Партия төрағасы ҚХП-сы - экономиканың социалистік үлгісі үшін күресетін жалғыз партия екенін атап өтті. Әділетті Қазақстан үшін қоғамның теңсіздігі мен ыдырауына қарсы күреске бағытталған әлеуметтік-бағдарланған дәл осындай модель талап етіледі.

– Елімізде оң өзгерістерге қол жеткізу үшін не қажет? - деп атап өтті Ертісбаев.

– Социализмнің үш негізгі күші: еркіндік, әділдік және ынтымақ.

Жастардың да Әділетті Қазақстанның игілігі үшін атқарылып жатқан ауқымды істерге өз үлестерін қосуға мүмкіндігі бар. Төраға Мәжіліс депутаты Ислам Сұңқарға партияның қамқорлығымен біртұтас, қуатты жастар қозғалысын құруды тапсырды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy