ҚХП және әкімдер сайлауы: тіркеу басталды!

dep.jpg Қазақстан Халық партиясы атынан аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауына қатысу үшін, алғашқы кандидат аумақтық сайлау комиссиясына құжаттар тапсырды. Ол Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігіне үміткер Насып Шалабаева.

Насып Шалабаева, осы жердің тумасы. Мемлекеттік органдарда қызмет істеген тәжірибелі маман. Қазіргі уақытта Осакаров ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ бас маманы болып жұмыс істейді.

Кандидат сайлауалды тұғырнамасына ҚХП-ның бағдарламасын негізге алған. Ол -ауылдық округтерді дамытуға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жүйесін жетілдіруге, халықты жұмысқа орналастыруға және коммуналдық қызметтерді жақсартуға бағытталған.

Қазақстан Халық партиясы алдағы сайлау науқанына белсенді қатысуға ниетті. ҚР ОСК-ның дерегі бойынша, аудандық деңгейдегі басшыларды сайлау жөніндегі пилоттық жобаны облыстық маңызы бар 45 ауданда және 3 қалададағы (Курчатов, Рудный және Приозерск) мәслихаттар бекітті. Дауыс беру 2023 жылдың 5 қарашасында өтеді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy