ҚХП жылды қорытындылады: «Біздің халыққа айтарымыз бар!»

Қазақстан Халық партиясы 2023 жылдың жұмысын қорытындылады. ҚХП төрағасы Ермұхамет Ертісбаевтың басшылығымен Орталық аппарат кеңсесінде парламенттік фракцияның, құрылымдық бөлімшелердің және партияның өңірлік филиалдарының қатысуымен есептік кеңес өтті.

Ермұхамет Ертісбаев өзінің құттықтау сөзінде өткен жылдың ҚХП үшін де, еліміздің басқа да саяси күштері үшін де оңай болмағанын атап өтті.

Біз қоғамымыз бен мемлекетімізді түбегейлі реформалауға бағытталған тарихи оқиғалар мен саяси процестердің тек куәгері болып қана қоймай, белсенді қатысушысына айналдық, - деп атап өтті ҚХП басшысы. - Бұл жылы ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі өңірлік мәслихаттардың сайлауы айтулы оқиға болды. Біздің Халық партиясы оған белсене қатысты.

ҚХП парламенттік партия мәртебесін сақтап қалды және қазір Мәжілісте аз болса да күшті және принципті фракциясы бар. Оның жетекшісі Магеррам Магеррамов сегізінші шақырылымдағы мәжілісмен-партиялықтардың атқарған жұмыстары туралы айтып берді. Осы уақыт ішінде фракция 52 депутаттық сауал дайындап, жария етті, 3 заң жобасына бастамашылық жасады, ел заңнамасына 800-ден астам түзету енгізілді, ең өзекті тақырыптарға 7 дөңгелек үстел ұйымдастырылды, 1000-нан астам азаматпен жеке қабылдау өткізілді.

1

Бізге халықтан келіп түсіп жатқан өтініштер өте көп, - деп түсіндірді фракция басшысы. – Бұл дегеніміз, ел Халық партиясын біледі және оған сенеді.

Биылғы жылдың тағы бір маңызды жетістігі партияның «Жас орта» жастар қанатын нығайту болды. Бұл туралы оның жетекшісі, Мәжіліс депутаты Ислам Сұңқар егжей-тегжейлі айтып берді. Жастар белсенділері «Қамқор» қайырымдылық жобаларын іске асырып, «Тұлғалық өсу» атты дәріс оқуда.

Жастар іс-шаралар өткізіп қана қоймай, өңірлердің проблемаларын көтереді, - деп нақтылады И.Сұңқар. - Бұл студенттік жатақханалардың жайы, стипендияларды арттыру мәселелері және т.б.

Партияның сандық медиа-саясаты ерекше назарға алынды. ҚХП нық сеніммен медиа-кеңістікті жаулап алып, әлеуметтік желілерде белсенділікпен пікір білдіріп келеді. Партиялық youtoube-арналарында авторлық жобалар мен бағдарламаларді тұрақты түрде жүргізіп, партиялық сайт қалыптастырып келеді. Күн өткен сайын оқырмандар көбейіп, партиялық аккаунттарға жазылушылар саны артып келеді.

2

Біздің халқымызға айтарымыз бар, - деп атап өтті Ермұхамет Ертісбаев. - Біздің партияның күші идеялық бірлікте - социализм идеясында!

Жиналысты қорытындылай келе, ҚХП төрағасы партия мүшелерінің алдына келесі жылға нақты міндеттер қойды. Атап айтқанда, аудандар, облыстық маңызы бар қалалар мен ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттар резервін дайындап, қалыптастыру, жастар қанатының қызметін жетілдіру, әрбір өңірде өзекті мәселелерді қарау бойынша жобалық тәсілді әзірлеу және енгізу ең маңызды бағыттар болмақ.

Мен бәріміз бірге, ұйымшылдықпен еңбек етсек, міндетті түрде табысқа жететінімізге сенемін! - деп қорытындылады Ермұхамет Ертісбаев.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy