Индустрия және технология саласындағы әйелдердің әлеуеті артып келеді

Астанада Индустрия және технология саласындағы әйелдердің халықаралық конгресі басталды. Оны «Ядролық саладағы әйелдер одағы» әйелдер бастамаларын қолдау және дамыту қоры мен «Қазақстанның ядролық қоғамы» қауымдастығы ұйымдастырды.

Конгресс жұмысына Қазақстан, Ресей, Армения, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркия елдерінен сарапшылар қатысты. Олар жоғары технологиялық салаларда әйелдердің әлеуетін жүзеге асыру бойынша өз тәжірибелерін ұсынды. «Шекарасыз көшбасшылық: әйелдер мүддесіне негізделген халықаралық тәжірибе» атты сессияда ҚХП Атырау облыстық филиалының төрайымы Балжан Досмұхамбетова сөз сөйледі.

1

2

Балжан Досмұхамбетова ҚХП 20 облыстық филиалының бесеуін әйелдер басқарып отырғанын атап өтті. Өңірлердегі партияның әйелдер қанатына да әйелдер жетекшілік етеді, ал Досмұхамбетованың өзі Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Қоғамдық кеңесінің мүшесі. Осы ретте ҚХП Атырау филиалының басшысы Қазақстандағы атом электр станциясын салу жөніндегі референдум кезінде партияның халық арасында қандай ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізгенін айтып берді. Аталған жұмыстарға қатысуда әйелдер де белсенділігімен ерекшеленді.

3

«Жастармен, кәсіпорын жұмысшыларымен, ардагерлер кеңесімен және басқа да ұйымдармен 60-тан астам кездесу ұйымдастырылды. Партия жанынан «Экология» бастауыш ұйымы құрылды», - деп нақтылады Досмұхамбетова.

Сондай-ақ, филиал басшысының айтуынша, бүгінде партиялық әйелдер жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулар мен дөңгелек үстелдерге белсенді қатысып, мемлекеттік органдарға өз ұсыныстарын ұсынып, партиялық бақылау аясында мониторинг жүргізуде.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy