Инклюзивті қоғам балабақшадан басталады!

dep.jpg

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытатын мекемелерді оқулықтармен, оқу бағдарламаларымен және техникалық құралдармен қамтамасыз етуге уәде берді.

Инклюзивті білім берумен мектепке дейінгі мекемелер қамтыла ма және жалпы білім беретін мектептер қажетті технологиялармен қамтамасыз етіле ме? Мәжілістің жалпы отырысында Қазақстан Халық партиясының депутаты, халықтың әлеуметтік осал топтары құқықтары жөніндегі уәкіл Кенжеғұл Сейітжан осы мәселелерді көтерді.

– Бұл өзгерістер балабақшаларға қалай әсер етеді? Ал колледждерде, мектептерде, т.б. мүмкіндігі шектеулі балалар қалай білім оқытылады? Мүгедектердің ата-аналарына мұндай технологияларды сатып алу өте қиын болғандықтан, мекемелер қандай технологиялармен жабдықталады?

Министр, әрине, бұл мәселелердің барлығын заңнамалық тұрғыдан реттеу қажет екенін растады. Бұған қажетті нормалар қазірдің өзінде Әлеуметтік кодексте жазылған және одан әрі ілеспе заңнама арқылы реттелетін болады.

«Яғни, көтерілген мәселелердің барлығы кешенді түрде шешілетін болады», - деп уәде берді Бейсембаев.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy