Инклюзивті саясат – қоғам қажеттілігі

dep.jpg

ҚХП депутаты, ҚР Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Кенжеғұл Сейітжан қоғамдық тыңдауға белсене қатысты. Бұл шара Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі инклюзивті саясат тұжырымдамасын талқылау және іске асыруға арналған халықаралық семинардың бір бөлігі ретінде өтті.

Депутат, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Кенжеғұл Сейітжанның атап өткендей, бұл тыңдауда мүгедектердің құқығын жүзеге асыру, оларды әлеуметтік тұрғыда оңалту, сондай-ақ осы санаттағы азаматтар үшін білім алу мен әлеуметтік қорғау шараларының қолжетімдігіне қатысты мәселелер талқыланды.

Шара барысында Кенжеғұл Сейітжан сөз сөйлеп, өз пікірін білдірді.

«Еліміздегі ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмір сүру жағдайын жақсарту үшін инклюзивті саясатты енгізу өте маңызды», - деп атап өтті ҚХП депутаты.

Сондай-ақ, Кенжеғұл Сейітжан мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты қордаланған мәселелерді талқылауға да қатысты.

– Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының құқығын қорғайтын уәкіл ретінде мен мүгедектердің құқығы мен мүмкіндігін жақсартуға бағытталған жобалар мен бастамаларды белсенді түрде қолдаймын. Осы ретте, өз жұмысым арқылы қоғам мен мемлекеттік органдарға елімізде барлық азаматқа тең жағдай жасаудың өте маңызды екенін жеткізу басты міндетім, – деп нақтылады омбудсмен.

Омбудсменнің айтуынша, мүгедектердің құқығын қамтамасыз етуге бағытталған Инклюзивті саясат тұжырымдамасын жүзеге асыру ерекше қажеттілігі бар жандардың барлық деңгейде қоғамға интеграциялануына ықпал етеді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy