Инклюзия – бүгінгі күннің талабы

Қазақстан Халық партиясы «Халық аманаты» жобасы аясында ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдауға бағытталған бірқатар іс-шара ұйымдастыруда. Партияның өңірлік филиалдары мемлекеттік мекемелермен, медициналық орталықтармен және үкіметтік емес ұйымдармен әріптестік туралы келісімдер жасап, олардың жұмысын бақылап, жергілікті деңгейдегі өзекті мәселелерді анықтап, оларды шешуге ықпал етуде.

Алматы қалалық филиалы ерекше қажеттіліктері бар балаларды, соның ішінде аутизм спектрінің бұзылысы (АСБ) бар балаларды қолдау саласында жұмыс істейтін жетекші қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Олардың қатарында «SanaSezim» – аутизм және даму бұзылыстары бар балалардың ата-аналарына психологиялық көмек көрсету орталығы, «Әлеуметтік инклюзивті бағдарламалар орталығы» ҚҚ, «Ерекше балалардың ата-аналар одағы» қоғамдық бірлестігі және «Next Generation Foundation» қайырымдылық қоры бар.

1

Меморандум аясында қызметтер мен инфрақұрылымның қолжетімділігін мониторингілеу, ата-аналармен, мамандармен және мемлекеттік органдар өкілдерімен қоғамдық диалогтар өткізу, ерекше балаларды дамыту орталықтарын құру бойынша ұсыныстар әзірлеу, жергілікті жобаларды іске асыру және ата-аналарға қолдау көрсететін клубтар ашу жоспарланған. Сондай-ақ филиал жанынан инклюзия жөніндегі кеңес құрылады. Оған жоғарыда аталған ұйымдардың өкілдері мүше болады. Кеңес түрлі тараптардың өзара іс-қимыл жасайтын тұрақты алаңына айналып, нақты шешімдер қабылдап, бірлескен жұмыстарды үйлестіреді.

2

– Біздің мақсатымыз – инклюзивті қоғам қалыптастыру және әлеуметтік әділеттілікті ілгерілету жолында күш біріктіру, – деді партия мүшелері.

3

Қостанай қаласында ҚХП жергілікті филиалы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау стратегиясын қалыптастыруға арналған тақырыптық дөңгелек үстел өткізді. Іс-шарада саларалық өзара іс-қимыл мен әлеуметтік бастамалар арқылы балаларды жан-жақты қолдау мәселелері талқыланды. Жиынға білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт салаларындағы мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік ұйымдар мен белсенді ата-аналар қатысты. Қатысушылар тегін дәрі-дәрмек тапшылығы, санатория-курорттық емдеу жүйесінің әлсіздігі, ерекше балалармен жұмыс істей алатын білікті мамандардың жетіспеушілігі, ауыр диагнозы бар балаларға арналған мамандандырылған мектептер мен тәулік бойы жатын орынмен қамтамасыз етілген орталықтардың жоқтығы, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимылдағы олқылықтар сияқты мәселелерді көтерді. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша нақты ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленді.

4

– Инклюзия – бұл болашақтың емес, бүгінгі күннің талабы. Қоғам мен мемлекеттің тұрақты диалогы арқылы ғана ерекше балалар мен олардың отбасыларының өміріне нақты өзгерістер енгізуге болады, – деді партия өкілдері.

5

Ал Маңғыстау облыстық филиалы Ақтау қаласындағы №6 арнайы балабақшаға мониторинг жүргізді. Мониторинг барысында балабақшадағы оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуы, материалдық-техникалық жағдайы, мамандармен қамтамасыз етілу деңгейі мен балаларға көрсетілетін арнайы қызмет түрлері зерделенді.

6

7

8

– Ерекше балалардың сапалы білім алуына және әлеуметтік қолдау көрсетуге қол жеткізу – бүкіл қоғамның ортақ міндеті, – деп қорытындылады партия өкілдері.

9

10


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy