Ерекше қажеттілігі бар балалардың құқығы – басты назарда

«Халық аманаты» жобасы аясында Қазақстан Халық партиясы инклюзивті білім беру мен ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдау бағытындағы жұмысын жалғастыруда. Партия өкілдері арнайы орталықтар мен медициналық кабинеттерді аралап, олардың қызметкерлерімен және ата-аналармен кездесіп, түйткілді мәселелерді анықтап, оларды шешуге ықпал етуді көздеп отыр.

Маңғыстау облыстық филиалы аутизм спектрі бұзылыстары (АСБ) бар балалардың ата-аналарымен кездесу өткізді. Жиынға облыстық денсаулық сақтау және білім басқармаларының, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының және басқа да тиісті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Кездесуде АСБ және өзге де диагнозы бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар күнделікті бетпе-бет келіп жүрген мәселелер сөз болды.

1

– Бұл кездесу ерекше білім беруді қажет ететін балаларға тең мүмкіндік пен қолжетімді орта құру арқылы инклюзивті қоғам қалыптастыруға бағытталған. Ашық диалог аясында ата-аналар өз тәжірибесімен бөлісіп, көкейде жүрген сұрақтарын ортаға салды. Оқытудың, әлеуметтік бейімдеудің және медициналық сүйемелдеудің түрлі қыры талқыланды, – деді ұйымдастырушылар.

2

Кездесуде көтерілген мәселелерді нақтылауға бағытталған арнайы мониторингті ҚХП жанындағы ЕББҚ балалардың құқықтарын қорғау және дамыту жөніндегі кеңестің өңірлік өкілдері жүргізетін болады. Оның қорытындысы бойынша ерекше балалардың өмір сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстар дайындалады.

3

6

Қостанай облыстық филиалы да ЕББҚ балалардың құқықтарын қорғау және дамыту жөніндегі кеңеспен бірлесіп, дамуында ерекшелігі бар балалардың ата-аналарымен және заңды өкілдерімен кездесу өткізді. Басқосуда білімге қолжетімділік, әлеуметтік бейімдеу, медициналық сүйемелдеу, сондай-ақ ЕББҚ мен АСБ бар балалармен жұмыс істей алатын мамандардың жетіспеушілігі сияқты маңызды мәселелер қозғалды. Сонымен қатар баласымен тәулік бойы бірге жүріп, жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ ата-аналарға қолдау қажеттігі де айтылды.

7

– Мұндай балалардың 18 жастан кейінгі өміріне ерекше назар аудару қажет. Ата-аналар жастар дамуын жалғастырып, қарапайым кәсіп пен өз-өзіне қызмет ету дағдыларын меңгере алатын күндізгі орталықтардың жоқтығына алаңдаулы, – деді жиынға қатысушылар.

8

9

Сонымен қатар ҚХП жанындағы республикалық кеңес өкілдері Қарағанды облысына барып, менталдық дамуында ауытқуы бар балаларға қызмет көрсететін мекемелерге кешенді мониторинг жүргізді.

10

14

15

16

17

18

19

– Сарапшылар мен кеңес мүшелері білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау саласындағы 15-тен астам мекемені аралады. Мақсат – көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне нақты баға беру, өңірдегі кедергілер мен мүмкіндіктерді анықтау, – дейді партия өкілдері.

Іс-шара соңында мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, ата-аналар қауымдастығы мен белсенділердің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

11

20

– Инклюзивті қоғам құру – бұл мемлекет, азаматтық сектор және әрбір бейжай қарамайтын азаматтың ортақ міндеті. Халық партиясы мен Қарағанды облыстық филиалы балалардың құқықтарын қорғауға, олардың толыққанды өмір сүруіне және дамуына мүмкіндік беретін ортаны қалыптастыруға бағытталған бастамаларды қолдауды жалғастырады, – деп санайды партия өкілдері.

12


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy