Ирина Смирнова Алматыда сайлаушылармен кездесті

Қазақстан Халық партиясынан сайланған Мәжіліс депутаттары өңірлерге аттанды. Мәжілісмен Ирина Смирнова Алматыда сайлаушылармен: азаматтық белсенділермен, дәрігерлермен, зооқорғаушылармен және қоғам белсенділерімен бірқатар кездесу өткізді. Басқосу барысында білім беру мен денсаулық сақтау мәселелері күн тәртібіне қойылды. Кездесуге келгендер мектептердегі қауіпсіздіктің төмендігіне, бұрынғы Білім министрлігінің бұйрықтарына және тек қағаз жүзіндегі инклюзивті білімге шағымданды. И. Смирнова парламенттік фракцияның жұмысы туралы, оның ішінде таяуда бұрынғы Білім және ғылым министрлігі қабылдаған Конституция мен «Білім туралы» заңға қайшы келетін заңға қарсы депутаттық сауал жолданғанын жариялады.

– Егер, біз министрліктен тиісті жауап алмасақ, онда Конституциялық сотқа жүгінеміз, – деп атап өтті депутат.

Білім беру секторындағы мардымсыз жалақы күні бүгінге дейін өзектілігін жойған жоқ. ҚХП фракциясы жалақыны есептеу кезінде Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) тетігін пайдалану мәселесін көтеріп келеді.

– Жалақы елдің экономикалық көрсеткіштеріне сай есептелуі керек, – деді И. Смирнова. Партия мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғайды. Бұл реттеп партия мүгедектігі бар адамдарға білімнің қолжетімді болғанын талап етіп отыр.

– Инклюзия туралы заң қабылданды, бірақ оны жүзеге асыру үшін жағдай жасалмады, – деді мәжілісмен. – Оқу орындарының бірінші қабатына кіруге ғана мүмкіндік беретін ел бойынша «пандусизация» жобасы бар. Мұның барлығы екіжүзділік, қос стандарт және алдау.

Депутат медицина қызметкерлерімен «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» жаңа кодекстің кемшіліктерін, фармацевтика саласы қызметкерлерін сертификаттау және дәрігерлерге арналған біліктілік санаты, сондай-ақ «ерікті-мәжбүрлі» медициналық кәсіподақтарды ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Ал зоотехниктермен жануарларға қатыгездік жасағандарға жазаны қатаңдату, қоғам белсенділерімен азаматтық авиация билетінің бағасы мен Алматы әуежайының тағдырын тілге тиек етті.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy