Ирина Смирнова «шетелдік агенттер» туралы заң қабылдау ұсынысы жөнінде түсіндірді

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясының өкілі Ирина Смирнова депутаттардың республикадағы шетелдік агенттер туралы заң қабылдау туралы бастамасына қатысты пікір білдірді. Мәжілісмен бұл ұсыныстың иүпкі мақсаты жазалау емес, ақпаратты ұсынудағы объективтілік туралы екенін атап өтті.

Журналистерге арналған брифингте Ирина Смирнова қазақстандықтардың өздеріне берілген ақпараттың қайдан келгенін білуге құқығы бар екенін айтты. Ол ақпаратты тәуелсіз журналист хабарлады ма, әлде белгілі бір мақсатты көздеп, ақы төлеген адамдардың ақпараты ма? Осыны біліуі керек. Оның үстіне, белгілі бір мақсататтығы кей ақпараттар мемлекет үшін қауіпті немесе деструктивті болуы мүмкін.

«Әңгіме шындықты айтуға тыйым салу туралы емес, сол «шындықты» айту үшін кімнің ақша төлегенін білу. Біздің елде мұндай донорлық көмекті, қолдауды басқа елдерден алып жатқан мұндай ұйымдар көп. Көбіне өз мүддесіне сай ақпарат тарату үшін БАҚ немесе «адам құқығын қорғау қызметі» деген сылтауды желеу етеді», - деп атап өтті депутат.

Яғни, біз тыйым салу туралы емес, азаматтарымызды ақпараттандырып отырған тәуелсіз ақпараттық ресурстар саналатын ұйымдарды кім қаржыландыратыны және оның мақсаты қандай екенін айқындау туралы айтып отырмыз.

– Біздің елде оларды (шетелдіктерге – автор) не қызықтырып отыр? Сол туралы білейік. Егер адам грант алған болса, ол мынадай мәліметтерді көрсетуі керек: «Мен грант алдым және сол бойынша жұмыс істеп жатырмын. Ал менің грантымның тақырыбы мынау» дегендей», - деп нақтылады Смирнова.

Депутат құжаттың ережелері донордың кім екеніне қарамастан, шетелден қаржы алатын барлық құрылымдарға: АҚШ, Еуропа елдері немесе ТМД елдеріне де қатысты болуы керек екенін ерекше атап өтті.

Бұған дейін Мәжілістің жалпы отырысында ҚХП парламенттік фракциясы Үкіметке депутаттық сауал жолдап, онда Қазақстан Республикасындағы шетелдік агенттер туралы заң әзірлеуді ұсынған болатын.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy