Өңірлерде жұмысшы кадрлар тапшы

Қазақстан Халық партиясы «Халық аманаты» акциясын жалғастыруда. Бұл бастама аясында партия өкілдері халық пен мемлекеттік органдар арасындағы кері байланысты қамтамасыз етіп, партиялық бақылау шараларын жүргізіп, халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған жұмыстарды ұйымдастырады.

ҚХП Ұлытау облыстық филиалының өкілдері арнайы шақырумен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары өткізген «Жұмысшы мамандықтар паркі» фестиваліне қатысты. Бұл іс-шара жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру, кадрларды даярлау сапасын жақсарту және жұмыс берушілермен ынтымақтастықты кеңейту мақсатында ұйымдастырылды. Оған техникалық және білім беру ұйымдарының әлеуметтік серіктестері, оқытушылар және Ұлытау облысының студенттері қатысты.

6

7

Акция аясында ҚХП Жетісу облыстық филиалының төрағасы Олжас Ибраимов жұмыс сапарымен Текелі қаласына барып, қала әкімі Алмас Әділмен кездесті. Кездесуде қала дамуының негізгі мәселелері, оның ішінде инвестиция тарту, абаттандыру, жолдарды жөндеу, сумен жабдықтау, жылу және кәріз жүйелерін жаңғырту мәселелері талқыланды.

10

– Облыстық бюджеттен бөлінетін қаржы шектеулі болғанына қарамастан, қаланың инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жалғасуда, – деп атап өтті партия өкілдері.

2

Кездесу барысында тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару үшін төлемнің төмен екеніне ерекше назар аударылды. Қала тұрғындарының шамамен 70%-ы бұл қызметке ақы төлемейді, бұл қоқыс шығару компаниясы мен тұрғындар арасында келіспеушіліктер туғызуда. Соған қарамастан, кәсіпорын өз жұмысын жалғастырып, қаланың санитарлық жағдайының нашарлауына жол бермей келеді.

Тағы бір өзекті мәселе – жұмысшы кадрлардың тапшылығы. Жұмыспен қамту орталығы түрлі шаралар қабылдауда, алайда көптеген азаматтар жоғары жалақы талап етеді, бұл қызметкерлердің жетіспеуіне және жұмыспен қамтуға бөлінген бюджет қаражатының толық игерілмеуіне әкеліп отыр.

3

8

9

– Жақын арада ҚХП филиалы жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен Текелі қаласының даму мәселелерін жан-жақты талқылау және ең өзекті проблемалар бойынша шешімдер табу мақсатында дөңгелек үстел өткізуді жоспарлап отыр, – деп атап өтті Олжас Ибраимов.

5

Сонымен қатар, жұмыс сапары барысында Ибраимов мәрмәр өндіру және өңдеу саласына маманданған «TasUn» ЖШС-на барып қайтты. Кәсіпорынға сапары барысында ол заманауи технологиялармен және өндірістік қуаттылықтармен, мәрмәр өңдеу процесімен және өнім ассортиментімен, оның ішінде микрокальцит пен мәрмәр үгіндісімен танысты. Кездесуде жұмыспен қамту мәселесіне ерекше назар аударылды. «TasUn» ЖШС қала тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

11

12


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy