Өңірлердегі медициналық қызмет көрсету сапасы көңіл көншіте ме?

dep.jpg

Медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында ҚХП филиалдары өңірлердегі емдеу мекемелеріне мониторинг жүргізуде. Партиялық бақылау аясында олар осы саладағы қордаланған жүйелік проблемаларды шешу үшін ұсыныстар әзірлеу мақсатында жергілікті денсаулық сақтау саласының ағымдағы жай-күйі туралы ақпарат жинап, талдау жасайды.

Осы акция аясында ҚХП Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ысқақ Ахметов партияластарымен бірге Түркістан қаласындағы «Ақмарал» көпсалалы ауруханасына барды. Олардың ҚХП Атырау облыстық филиалындағы әріптестері Атырау облыстық онкологиялық диспансерінде мониторинг жүргізді.

-«Сапар кезінде жұмыс барысымен танысып, науқастарға қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған негізгі мәселелерді талқыладық. Бізге барлық ақпаратты мекеме директоры Эльмира Сапарова жеткізді, ол да сұрақтарға жауап беріп, диспансерді дамытудың маңызды жоспарлары мен жобаларын бөлісті», - деп атап өтті партиялықтар.

Қоғамдық мониторинг жүргізу үшін ҚХП Ақтөбе филиалы Ембі аудандық ауруханасына барды. Мониторинг оң нәтиже көрсетті.

– «Тексеру нәтижесі пациенттердің медициналық көмек көрсету деңгейіне қанағаттанатынын көрсетті. Қызметкерлердің жұмысына немесе қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша шағым түскен жоқ», - деді белсенділер. Инспекторлардың айтуынша, аурухана өз қызметін тұрақты әрі уақытылы атқарып, аудан тұрғындарына сапалы көмек көрсетуде.

– «Мұндай мекемелер жергілікті жерде қолжетімді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Олардың оң тәжірибесі көпке үлгі болуға тұрарлық», - деді өңірлік филиал өкілдері.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy