Құрметті Ислам Еркінұлы!
Қазақстан Халық партиясының ұжымы сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтайды!
Біз өз қатарымызда Сіз секілді пікірлес адамның болғанына қуаныштымыз. Сіз өзіңізді дарынды, бастамашыл тұлға, мықты ұйымдастырушы маман және ұстанымына берік әділ адам ретінде көрсеттіңіз.
Біз Сіздің жоғары кәсібилігіңізге, адалдығыңызға, еркін ойыңызға және жұмыс істеуге деген құлшынысыңызға тәнтіміз. Сіз ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Халық партиясының өкілі ретінде міндетіңізді мінсіз атқарып келесіз.
Сізге бақыт, зор денсаулық, отбасыңызға амандық және көпқырлы қызметіңізге жақсылық пен табыс тілейміз.