«Қарталы-Тобыл» электропоезы халыққа қайтарыла ма? Бұл мәселені Мәжілістің пленарлық отырысында Қазақстан Халық партиясынан сайланған депутат Ислам Сұңқар көтерді.
Мәжіліс депутаты еске салып өткендей, электр пойыздары аталған бағыт бойынша 2020 жылға дейін үздіксіз жүріп тұрды. Кейіннен бұл мәселе пандемияға байланысты тоқтатылды. Ал пандемия аяқталғаннан кейін, жергілікті тұрғындардың халық қалаулыларымен кездесулеріндегі шағымдарына қарағанда, бұл бағыт қалпына келтірілмеген.
– Қазір адамдар аудан орталығына түрлі қиындықтармен жетуге мәжбүр, - деді Ислам Сұңқар. - Электр пойызын қашан іске қосу жоспарланып отыр?
ҚР Көлік министрлігінің өкілдері бұл мәселені жергілікті атқарушы органдармен бірге қарап, оң шешуге уәде берді.