Қазақстан Халық партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Ислам Сұңқар Шымкент қаласындағы сайлаушылармен жұмыс кездесуін аяқтап, Түркістан қаласына жол тартты.
Жас мәжілісмен Шымкенттегі сапарын №6 қалалық емханада қорытындылады. Оған медициналық мекемеде шағын экскурсия ұйымдастырылып, емхананың материалдық-техникалық базасы таныстырылды және халыққа көрсетілетін медициналық қызмет туралы ақпарат берілді.

– Қазақстандықтар үшін алғашқы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігі – еліміздің денсаулық сақтау жүйесіндегі маңызды буын, – деп атап өтті И. Сұңқар іс-шара қорытындысында. – Көп жағдайда емдеудің оң нәтижесі сырқатты дер кезінде анықтау мен ерте диагностикаға байланысы болады.

Түркістанға келген соң депутат жергілікті Достық үйінде ҚХП облыстық филиалындағы партияластарымен кездесті. Партия белсенділері мәжілісменге тұрғындардан келіп түскен сұрақтар мен өтініштерді жеткізді.



Сондай-ақ өңірлерге сапары барысында Ислам Сұңқар Түркістан көпсалалы индустриялық-техникалық колледжінің студенттерімен пікірталас форматында кездесу өткізді. Ашық диалог барысында қазіргі білім беру сапасы, мамандық таңдау, бос жұмыс орындары мен еңбек нарығының дамуы, сондай-ақ жастардың түрлі бастамалары талқыланды.


– Мұндай кездесулер жаңа буынның азаматтық белсенділігін айтарлықтай арттырып, олардың өздерін көрсетуіне мүмкіндік береді, – деп атап өтті депутат.

@halyk_partiyasy