«Қайырымдылық керуені» жалғасуда

Қазақстан Халық партиясының «Қайырымдылық керуені» («Караван добра») акциясы жалғасуда. Оның шеңберінде ҚХП облыстық филиалдары халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері үшін экологиялық тазалық, білім беру, демалыс-мәдени және басқа да іс-шаралар өткізуде.

ҚХП-дан сайланған Тараз қалалық мәслихатының депутаты Қарлығаш Бибазарова «Мүгедек әйелдер» ҚБ ұжымында болып, мүгедектігі бар әйелдер жұмыс істейтін «Мен өзім» тігін цехының жұмысымен танысты. Депутат демеушілер есебінен жиналған азық-түлік жиынтықтарын табыстады. Сонымен қатар, ҚХП Жамбыл облыстық филиалы әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балалар үшін «Премьер-Қазақстан» кинотеатрында шағын мереке ұйымдастырды.

1

2

ҚХП Батыс Қазақстан облыстық филиалының мүшелері акция аясында әлеуметтік бағыттағы «Күлкі күні» шарасын өткізді. Шара "Мейірім" облыстық мамандандырылған балалар үйі "ММ-де (Орал қ.) өтті. Филиал өкілдері балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арбалар, балалар тағамы, электр шәйнектері және жеке гигиена құралдарынан тұратын демеушілердің сыйлықтарын табыстады.

3

4

Акция аясында ҚХП Маңғыстау облыстық филиалы көпбалалы отбасылар мен қарттар үйінің тұрғындарын «Жақсылық» мерекелік-қайырымдылық концертіне шақырды. Іс-шараға партия өкілдері, «Біз халықпыз, біз біргеміз» қоғамдық қайырымдылық қорының белсенділері, сондай-ақ қала мен облыстың балалар шығармашылық ұйымдарының басшылары қатысты.

5

6

ҚХП Алматы қалалық филиалы есту қабілеті бұзылған балаларға «Кохлеарлық имплантация» операциясынан өткен балаларға бірегей сыйлықты дайындады. Балалар Алматыға өңірлерден Ұлттық әлеуметтік қорғау саласын дамыту ғылыми орталығының медициналық-оңалту департаментінің бағдарламасы бойынша келген. Партиялықтар кішкентай бүлдіршіндер үшін кинотеатр барып, тамаша қойылым көруді ұйымдастырды.

7

8

«Қайырымдылық керуені» акциясы аясында Қазақстан Халық партиясы еліміздің барлық өңірлерінде осындай сипаттағы іс-шаралар өткізеді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy