Қаламыз таза болсын деп!

ҚХП бастамашылық жасаған «Таза Өлке» экологиялық акциясы Тараз қаласында қолдау тапты. Акция аясында партияның өңірлік филиалдары саябақтар мен гүлбақтарды көгалдандырып, рекреациялық аймақтарды абаттандырады, қоғамдық орындарды қоқыстан тазартады.

ҚХП Жамбыл облыстық филиалының өкілдері бұл шараны «Мен таза қала үшін» деп атады. Оған партия белсенділері мен Тараз қалалық мәслихатының депутаттары, сондай-ақ облыстық әлеуметтік оңалту орталығының қызметкерлері қатысты.

1

2

Акцияға қатысушылар ұлы ақын және ағартушы Абай Құнанбаевқа ескерткіш орнатылған қалалық саябақта сенбілік ұйымдастырды. Олар саябақ аумағын қоқыстан тазалап, ағаштарды ақтау, бұтау жұмыстарын жүргізді.

3

4

«Таза Өлке» акциясы аясында Қазақстан Халық партиясы еліміздің барлық өңірлерінде экологиялық іс-шаралар өткізеді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy