Қазақстан Халық партиясы Қазақ КСР Ғылым академиясының профессоры, қазақстандық геология мектебінің негізін қалаушы Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуын атап өтуде.
Мерекелік іс-шаралар аясында партия мүшелері Қ.Сәтбаев атындағы тарихи-археологиялық мұражай мен тарихи-өндірістік мұражайға экскурсия ұйымдастырды.
Ең басты тақырыптық алқалы жиын Достық үйінде өтті. Оған еңбек ардагерлері, ҚХП белсенділері, жастар, ҚХП атынан сайланған Мәжіліс депутаттары, сондай-ақ облыс әкімдігі мен мәслихат өкілдері қатысты.
ҚХП Қарағанды және Ұлытау облыстық филиалдарының төрағасы Қалел Мақсұтов іс-шараға модераторлық етіп, құттықтау сөз сөйледі. Ол жиналғандарды Сәтбаев отбасының өмірбаянымен таныстырды. Ғалымның әкесі Имантай биші, білімді адам болған, жас кезінде танымал этнограф және ағартушы Шоқан Уәлихановпен дос болған. Нақ осы Имантай балаларға білімді құрметтеуді үйретті.
Мәжіліс депутаты Ислам Сұңқар қазақстандық академиктің еңбегін жоғары бағалады.
– Қаныш Сәтбаев артына ұлы мұра қалдырды, - деп атап өтті мәжілісмен. - Ол өзі айтқандай: "Еңбексіз жиналған білім өңделмеген минералға ұқсайды. Оған жарқын көрініс беру үшін қол мен ақыл-ой керек. " Біз ғалымның мұрасын оқып қана қоймай, оның білімін өмірде қолдануымыз керек.
Алқалы жиынға қатысушылар, ардагерлер, педагогтар мен мұражай қызметкерлері академик Сәтбаевтың өмірі мен жұмысы, оның геологиялық зерттеулерді дамытуға және еліміздің ірі мыс кендерін игеруге қосқан үлесі туралы баяндама жасады. Жезді марганец кен орнын ашудағы еңбегіне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, Қазақстан Халық партиясының бастамасымен Сәтбаев қаласының 8-11-сынып оқушылары арасында өткізілген «Қаныш қазынасы» эссе байқауының жеңімпаздары марапатталды. Іс-шара ҚХП жаңа мүшелеріне партиялық билеттерді, сондай-ақ Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтарды табыс етумен аяқталды.