Кәсіпкерлерге бейбіт атом энергиясының артықшылықтары түсіндірілді

Республикалық және Ақмола облыстық Халықтық штабының өкілдері Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша үгіт-насихат науқаны аясында Бурабай өңірінің кәсіпкерлерімен кездесу өткізді.

Бизнес өкілдері жобаның экологиялық және жоба құны сияқты маңызды аспектілер бойынша сұрақтар қойды. Бұл ретте барлық сұраққа толықанды жауап беру маңызды. Өйткені бұл азаматтарға жобаның ықтимал артықшылықтарын тереңірек түсінуге көмектеседі.

– Қазақстанда атом электр станциясын салу – жарқын болашаққа бастар жол. Сондықтан, әрқайсымыз осындай стратегиялық маңызды шешімді қабылдауға атсалысуымыз керек. Референдумға санаулы күндер қалды, - деп нақтылады спикерлер.

Сондай-ақ, Ақмола облыстық Халықтық штабы көшелерде, бизнес орталықтарында, сауда үйлерінде, базарларда және басқа да әлеуметтік нысандарда ақпараттық материалдар таратып, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі мен экономикалық өркендеуі жолындағы бұл қадамның маңызын түсіндіріп, азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізуде.

1


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy