"Қауіпсіз мектеп" акциясы аясында Қазақстан Халық партиясы еліміздің әр түрлі аймағында балалардың қандай жағдайда білім алып жатқанын тексермек. Осы ретте партиялықтар мамандармен, қоғам белсенділерімен және мәслихат депутаттарымен бірге оқу орындарының жай-күйін және олардың жаңа оқу жылына дайындығын анықтау үшін мониторинг жүргізеді.
Кешенді тексеру аясында ҚХП Қарағанды облыстық филиалының өкілдері облыстағы бірқатар мектепті аралап, тексеру жүргізді.
– Қазіргі өзекті мәселелердің бірі – мектепті жабдықтау мәселесі. Мектеп әр бала өзін қауіпсіз сезінетін екінші үй болуы керек. Сапалы және қол жетімді білімге инвестиция – бұл адами капиталға салынған инвестиция, – дейді партиялықтар.
Абай ауданы Құрма ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы қонақтарға арнайы экскурсия ұйымдастырды. Онда оқушылардың иелігінде робототехника және зияткерлік ойындар кабинеттері, кітапхана, медициналық пункт, сондай-ақ АКТ және спорт залдары бар. Мектеп жылыту маусымына сақадай сай. Мұғалімдер оқушылармен бірге гүл отырғызып, мектеа аумағын көркейтіп отыр. Сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін орнатылған бейнекамералардығ сапасы жоғары әрі бірыңғай қашықтан басқару құралы арқылы жұмыс істейді.
Сонымен қатар, партиялықтар Бұқар Жырау ауданы, Үштөбе ауылындағы тірек мектепке барды. Кіре берісте қонақтарды тәжірибелі мамандардың қорғауымен қамтамасыз етілген турникет қарсы алды. Сонымен қатар ғимарат "жедел" батырмамен және бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Биология, химия және робототехника кабинеттері барлық қажетті құралдармен жабдықталған. Онда реагенттерден бастап интерактивті тақталарға дейін бар. Мектеп басшылығы педагогтік құрам жайлы да ерекше мақтанышпен айтты. Көркем еңбектен беретін мұғалім – нағыз суретші, ал дене шынықтыру пәнінен бокстан спорт шебері сабақ береді.
ҚХП Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты Анатолий Баранов та филиал өкілдерімен бірге комиссия құрамында болып, Қарағанды қаласының білім беру мекемелерін тексеру жұмыстарына қатысты. Комиссия Ермеков атындағы мектеп-лицейге, № 8, №36, №17 жалпы білім беретін мектептерге, №73 негізгі орта мектепке және Жақып Ақбаев атындағы мектепке барды. Бүгінде аталған білім ордаларының бәрінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ондағы жағдай көңіл қуантарлықтай емес. Сонымен қатар, №73 негізгі орта мектепте ғимараттың қасбетін жөндеу жұмысын мерзімінде аяқтау бойынша мәселелер бары анықталды. Аталған нысан бойынша қайта тексеру жүргізу жоспарланып отыр.